"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен өткізілген апталық

24.11.2020

2020 жылдың  16   карашадан  20 қарашаға   дейін «Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең  әлем »  тақырыбында орыс сыныптарында  қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша  іс- шаралар  аталып өтті.

   9 сынып оқушыларының  арасында ZOOM платформасы арқылы «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы бойынша диктант жазылды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына байланысты мәтінді жақсы деңгейде жазып шықты.Диктант жазу барысында ақынның 125 жылдығына орай көптеген ақпараттар берілді. Ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері Айдарова Л.К,Саттыбаева Б.А.

         3-4 сынып оқушыларының арасында кезекші топтармен "Менің Отаным - Қазақстан" атаулы суреттер көрмесі өткізілді. Балалар аталған көрмеге аса қызығушылықпен қатысты. Суреттер ашық, мазмұнды және ерекше болып табылды. Іс-шараны ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Нургалиева М.Н,Нұржанова Н.Б.

3-4 сынып оқушыларының  арасында  ZOOM платформасы арқылы мемлекеттік тілді жетік меңгерту мақсатында "Менің Отаным - Қазақстан" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар бұл іс-шараға өз қызығушылықтарын танытып, белсене қатысты. Сайысты ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері  Жанбеталина С.А,Саттыбаева Б.А, Тасыгожина Б.Б.

    7-8 сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы  «Мақал-мәтелдер-халық даналығы» «Полиглот» сайысы өтті.Сайыстың мақсаты:Оқушыларды  тапқырлыққа,шешендікке баулу,ізденімпаздыққа жетелеу,ой-өрісін,тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру болды.Сайысқа оқушылар белсене қатысты. Сайысты ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімдері Нургалиева М.Н ,Саттыбаева Б.А,Тілегенова А.А.

     5-6 сыныптарға арналған ZOOM платформасы арқылы жазушы Бердібек Соқпақпаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты "Кім?Қайда?Қашан?" деген  тақырыпта интелектуалды-танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар жазушының өмір жолынан қызықты мәліметтер ала отырып,  белсенділіктерін де таныта білді. Ұйымдастырған: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері Нургалиева М.Н, Кожабекова Д.Ж,Тасыгожина Б.Б.

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст