"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат»

«Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат»

Мектебімізде «Бабалар дәстүрі – ұрпаққа аманат» тақырыбында тағылымы мол тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Кездесу барысында аталарымыз қазақ халқының бай мұрасы, әдет-ғұрыптары мен жөн-жоралғылары туралы кеңінен әңгімелеп, өмірден түйген өнегелі ойларымен бөлісті. Ұлттық ойындар ойнатылып, мақал-мәтелдер талданып, жастар ата-баба аманатының маңызын тереңірек түсінді.

/public/files/2026/3/12/120326_114302_whatsapp-image-2026-03-12-at-104147.jpeg

/public/files/2026/3/12/120326_114319_whatsapp-image-2026-03-12-at-104148.jpeg

/public/files/2026/3/12/120326_114341_whatsapp-image-2026-03-12-at-104148-1.jpeg

Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет, отансүйгіштік пен ұлттық рухты қалыптастырады. Бабадан қалған асыл мұра – біздің ең қымбат қазынамыз. Оны сақтау да, жалғастыру да – бүгінгі ұрпақтың қасиетті міндеті.


Текст