50.9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім Министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайы бойынша;
2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
3)халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына кандидаттар болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;
4) жақын туыстарының қайтыс болуы.
51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар:
1) "денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № бұйрық ҚР ДСМ-175/2020), осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін;
2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін педагогикалық кеңестің шешімінен және мектептің қолдаухатынан үзінді көшірмелер;
3) "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес білім алушылардың үлгерім табельдерінің (бұдан әрі – табель) түпнұсқалары мен көшірмелері (тіркелген Осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып табылады. Табельдердің түпнұсқалары оның көшірмелерімен салыстырылғаннан кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады;
4) жақын туыстарының қайтыс болғаны туралы куәлік.