"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әкелер мектебі» – отбасы мен тәрбиеге арналған маңызды іс-шара

Мектебімізде «Әкелер мектебі» атты тәрбиелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту болды.
Іс-шара барысында әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылар мен әкелер арасында түрлі тренингтер, сұрақ-жауап бөлімдері және тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастырылды. Бұл шара әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етті.
«Әкелер мектебі» – ұрпақ тәрбиесінде әкенің орны ерекше екенін көрсететін маңызды алаң. Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

/public/files/2026/3/12/120326_112330_p10.png

/public/files/2026/3/12/120326_112451_p11.png


Текст