Текст
Математика, информатика, физика апталығының аясында 10 ақпан 5 а және 5б сынып оқушыларының арасында «Жас математиктер» атты интеллектуалды сайыс өтті. Сайыс таныстыру, «Логикалық сұрақтар», «Капитандар сайысы», «Кім жылдам», «Жаңылмаймын» секілді турлардан тұрды. Топтар өз тарапынан білімдері мен зеректілігін көрсете отырып осы турлардан сүрінбей өтті. Сайыста CANVA. COM сайтында жасалған презентация қолданылды. Оқушыларға MOVAVI видередакторы арқылы жасалған видеодан үзінді «Логикалық сұрақтар» атты туры өте ұнады. Сонымен қатар, сайыста Wordwall онлайн платформасы қолданылды.
Өткізген: математика мұғалімі Мендыбаева А.К.