Математика, физика және информатика мұғалімдерінің 2021-2022 оқу жылына арналған ШМО жұмысын жоспарлау негізінде 07.02.2022-11.02.2022 аралығында №21 МЛ-де математика, физика және информатика бойынша "МИФ" пәндік апталығы өткізілді.
Пән апталығын өткізудің мақсаты: оқушылардың математика, физика және информатика пәндерін оқуға деген қызығушылығын арттыру; оларда жағымды эмоциялар тудыру; оқушылардың ой-өрісін және интеллектісін қосымша біліммен байыту; ойлау дербестігін, мақсатқа жетудегі ерік-жігерді, табандылықты тәрбиелеу; өз жұмысы үшін ұжым алдында жауапкершілік сезімін ояту.
7 ақпанда акт залында аптаның салтанатты ашылуы өтті, мұғалімдер аптаның жоспарымен таныстырды. 10 "Б" сынып оқушылары бірінші, екінші ауысымдағы оқушыларға әдемі МИФ еліне саяхатты бастады.