«№21 орта мектеп-лицей» КММ
мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы 2017 жылдың
жария талқылау үшін есебі
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды
тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік
органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі Бірыңғай тізілімді құрайды.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мектеп-лицейдің Тізілімі 4 қызметті қамтиды:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
Өткен 2017 жыл кезеңінде барлығы -140 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
І «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорация» АҚ арқылы көрсетілген
мемлекеттік қызметтердің саны – 4.
1. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 4.
ІІ. Қағаз түрінде -136,
1.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру
ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» -130
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ
уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін
құжаттарды қабылдау» -6
3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге
құжаттарды қабылдау» -0
Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында жауапты қызметкерлер біліктілігін жоғарылату курста білім алды. Сонымен қатар, мектеп-лицейде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрғысында халыққа қолжетімді және ақпараттандыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында көрнекі ақпарат стендтері ілінген (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.).