Текст
09.11. бастауыш сынып мұғалімдері үшін платформаның электронды оқулығын енгізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік кеңес өткізілді TopIQ.kz. Платформа TopIQ.kz -мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде де, оқушылардың ата-аналары да жеке пайдалана алатын, еліміздегі білім беру сапасын арттыруға арналған қолжетімді, заманауи құрал. Цифрлық оқулықтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған қағаз оқулықтардың мәтіндері мен материалдарын толық көлемде көрсетіп қана қоймай, мультимедиялық контентпен, аудио және бейне файлдармен, интерактивті компоненттермен, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтарымен толықтырылды.