Текст
21 қазан күні №4 ЖОББМ-те "Ақиқат ұшқыны" атты қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Қазақ лигасында жалпы саны 18 мектеп,орыс лигасында жалпы 24 мектеп командалары қатысты.
Ойын 5 кезең бойынша өтті. Бұл турнирге мектебіміздің "Лидер KZ" командасы қатысып 1 орынды жеңіп алды. Команда құрамында 11 "Б" сынып оқушысы Кенжебай Дамир және 11 "А" сынып оқушысы Боранқұл Салтанат болды. Кенжебай Дамир "Үздік спикер" атағына ие болды. Команда жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Нурмаканова Ж.Б.