"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19 қазан күні мектебімізде "ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ " АҚ ұйымдастыруымен облыс директорларына арналған семинар өткізілді. Тақырыбы: «Цифрлық трансформация жағдайында басқару шешімдерін қабылдау кезінде белсенді және инновациялық әдістерді қолдану».

22.10.2022

19 қазан күні мектебімізде "ӨРЛЕУ" БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ " АҚ ұйымдастыруымен облыс директорларына арналған семинар өткізілді. Тақырыбы: «Цифрлық трансформация жағдайында басқару шешімдерін қабылдау кезінде белсенді және инновациялық әдістерді қолдану».
Семинар барысында мектеп директорының ОІЖ орынбасарлары Ордабаева Г.А., Тлегенова А.А., Кожабекова Д.Ж. "Диагностикалық - талдамалық қызметтегі цифрлық технологияны трансформациялау" атты тақырыппен workshop өткізіп, өздерінің жұмыстарында пайдаланатын цифрлық құжаттарымен және оны жүргізу тәртібімен таныстырып, соңында келген қонақтармен шебер-сынып жасады. Жусупова А.Ж., Распек А.Н. директорының ҒӘ орынбасарлары жұмыстарындағы негізгі қызметі жайлы "Ғылыми-әдістемелік жұмыстағы цифрлық технология" атты тақырыппен teambuilding өткізілді. Қалменбай А.Н. МИФ ӘБ жетекшісі мұғалімдермен жұмыс жасағанда пайдаланатын платформаларды көрсетті.
География мұғалімі Тажибаева Б.Н., математика мұғалімі Амиржанова А.Т., орыс тілі мұғалімі Айсина А.Ю., ағылшын тілі мұғалімі Мұсайып Ф.Б., тарих мұғалімі Канафина А.З., қазақ тілі мұғалімі Зулкишева Ж.А. сабақтарында пайдаланатын цифрлық платформаларды көрсетіп, қалай қолдану керектігімен бөлісті.
Сонымен қатар келген қонақтарға мектеп бойынша экскурсия жасалды:
1. «Рухани жаңғыру» мұражайына;
2. «ІТ технология», робототехника кабинетіндегі роботтармен жұмыс;
3. Спорттық ұлттық ойын «Асық ату»;
4. Кітапхана жұмысы ИС «KABIS»;
5. «Жасыл аймақ» экология, туризм жұмысы;
6. «Күй әлемі» концерттік шара.
Аталған семинар қорытындысы бойынша цифрлық трансформацияны қалыптастыру бойынша бірқатар мәселелерді шешуге, мектептің педагогикалық ұжымының ұсынған тәжірибесі пайдалы және жұмыстарда қолданылатын болады деген сенімдеміз.

Көкшетау қаласының №21 мектеп-лицейі (@shkolalicey21) • Фото и видео в Instagram

 

Просмотров: 122


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст