Текст
Қазанның 14 күні эстетикалық цикл онкүндігі аясында, музыка пәні бойынша 5 «А» сыныбында «Айтыс өнері» тақырыбы бойынша ашық сабақ болып өтті. Жаңа тақырыпты ашу барысында оқушыларға, айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы екені түсіндіріліп, топтар арасында тақырып қызу талқыланды. Оқушылар шығармашылық жұмыс жасау барысында, өзара әзіл айтыс құрып, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбырамен сүйемелденіп суырыпсалмалылықты алға тартты. Сабақ соңында оқушылар, тақырыптан алған білімдері мен эмоцияларын стикер арқылы қолтаңбаларын қалдырды.