Текст
6 мамырда Жеңіс күніне орай Орталық қалалық үлгілі балалар мен жасөспірімдер кітапханасында тылда қызмет еткен Совенко Татьяна Гавриловнамен «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты кездесу өтті. Соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы куәгерлермен кездесуде кітапхананың белсенді оқырмандары мен 21 мектеп –лицейінің оқушылары шақырылды. Мақсаты: жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, аталарымыздың ерлігі, аға ұрпақтың өкілдерін құрметтеу, азаматтыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке шақыру. Кеш барысында балалар өздерінің сұрақтарын қойып, келген қонақтын әңгімелерін қызықтап тыңдады. Балалар өздерінің дайындаған өлеңдерін,әндерін шырқады.