3 «А» лицей сыныбында әр сенбі сайын сынып жетекшісі Жаманова Меңдігүл Серікбайқызының ұйымдастыруымен «Дарын –деген дара тұлға » атты сабақ өтеді. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың бойындағы алған білімдерін саралау,ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып , жан –жақты тапқырлықтарын , шеберліктерін көрсете білуге баулу. Оқушының бойындағы дарындылығын таба отыра жан- жақты жұмыс істеу. Білім турнирына дайындық жұмыстарын жүргізу. Әртүрлі бағыттағы тапсырмаларды орындата отыра баланың дарындылығын шыңдау .Сабаққа барлық оқушылар келеді . Бұл сабақта біз ғаламтор арқылы дарынды балаларға арналған көптеген тестік тапсырмаларды орындаймыз. Сонымен қатар жаңа алған білімдерімізді ортаға сала отыра талдау жасап отырамыз. Сабағымыз өте тиімді және көңілді өтеді .