Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Көкшетау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ХІ республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі болып өтті. Бес бағыт бойынша өткен сайысқа № 21 мектеп-лицейінің оқушылары үлкен жауапкершілікпен дайындалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Жазушылар» бағыты бойынша қатысып,эссе жазу шеберлігін көрсеткен 11 –сынып оқушысы Бектенова Дана ІІ орынды иеленді .Эссе жазу барысында тіл байлығын,ой жүйелілігін көрсетіп,дәйекті дәлелдер келтіре білді. Оқушының жазу шеберлігін қазылар алқасы ерекше атап өтті. Жетекшісі: қазақ тілі мұғалімі Айдарова Л.К. «Әнші бұлбұлдар » бағыты бойынша 7-сынып оқушысы Жексенбаева Диана өнер сахнасында өз дарынын көрсетіп, ІІ орынды иеленді. Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Ғанибал Клара. Оқушыларға әрқашан мектеп намысын қорғай біліп,өз өнерлерін шыңдай берсін дегім келеді.
Айдарова Л.К.