Бурабайға сапар
21.09.2018 жылы Көкшетау қаласындағы №21 мектеп–лицейінің 10 «А» сынып оқушылары жетекшісі Тажибаева Бекзат Наукеновнамен Бурабай ауданындағы тарихи ескерткіштерді аралады. Бұл сапарға спонсорлық көмек көрсеткен Көкшетау қаласындағы Жастар Орталығы. Бұл сапардан балалар өте көп әсер алды. Ботай қорымын тамашалап, Кенесары үңгірін көріп қайтты.Бурабай тауларынан сыңғырлап аққан бұлақ суымен сусындап,ақ қайынның сары жапырақтарымен шыршаның жасыл жапырақтары араласқан әсем күзгі орманды тамашаладық.Оқушыларға қатты ұнаған 2 ай ғана жұмыс жасап жатқан Ботай қорымына арналған мұражай.Бұл мұражай ашық аспан астында Бурабай тауларының беткейінде орналасқан.Осы Ботай қорымынан алған мәліметтер тариx сабағына көп көмек болды.Әрі қарай осындай іс-шаралар көп ұйымдастырылады деген үміттеміз .
Тажибаева Б.Н. №21 ОМЛ
10 «А» сынып
оқушылардын жетекшісі