"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

ТІЛ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ

04.09.2026

Қазақстан халқының тілдері күніне орай мектебімізде тілдер мерекесінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты көп тіл білуге ынталандыру, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен татулықты нығайту, оқушылардың бойында отансүйгіштік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
«Бір тіл – бір әлем, көп тіл – көп мүмкіндік!» ұстанымымен өткен мерекелік шара барысында оқушылар өздерінің өнерлерін ортаға салып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән шырқады. Үш тілде сөйлеген жас өнерпаздардың өнері – еліміздегі түрлі тілдер мен мәдениеттердің өзара үйлесімін, достық пен бірліктің берік негізін көрсетті.
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – халықтың тарихы, мәдениеті, рухы мен ұлттық болмысының айнасы. Әр тілді құрметтеу – әр халықтың мәдениеті мен құндылығын құрметтеу. Тіл арқылы – тарихымызды танимыз, тіл арқылы – достықты нығайтамыз, тіл арқылы – бірлігімізді бекемдейміз!
Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, өзара сыйластық пен татулықтың берік болуы – баршамызға ортақ құндылық.

Просмотров: 33


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст