"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Білім күні – жаңа бастамалардың бастауы!

01.09.2026

🌸 Білім күні – жаңа бастамалардың бастауы!

1 қыркүйек – барша білім алушылар мен ұстаздар үшін ерекше мереке. Бұл күн – жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, жаңа мақсаттарға ұмтылыс пен үлкен армандарға бастайтын жарқын жолдың бастауы.

Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мектеп ұжымы мен 1–11 сынып оқушылары жаңа оқу жылын ерекше көңіл-күймен қарсы алды.

Салтанатты жиын барысында ұстаздар мен оқушыларға жылы лебіздер айтылып, жаңа оқу жылына ақ жол тілегі білдірілді. Мерекелік шараға арнайы қонақтар қатысып, білім ордасының ұжымына ізгі тілектерін жеткізді.

Жиынның құрметті қонақтары қатарында Көкшетау қаласының білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі кеңесшісі Сейдахмет Аида Сабыржанқызы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау комитетінің басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, полиция полковнигі Сакенов Маратбек Сакенұлы, сондай-ақ Ақмола облысы Полиция департаменті Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Шаймерденов Ильяс Бекболатович және мектеп инспекторы Умарова Зарина Мерекеевна болды.

Барша ұстаздар мен оқушыларға мықты денсаулық, толағай табыс, шығармашылық шабыт және оқу жылында биік белестерді бағындыруды тілейміз! 💐 

Просмотров: 40


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст