"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХАБАРЛАНДЫРУ 5-ші лицей сыныптарына оқушыларды қабылдау туралы

30.04.2026

Құрметті ата-аналар және 4-сынып оқушылары!
Мектеп әкімшілігі 2026-2027 оқу жылына арналған 5-ші лицей сыныптарына қабылдау үшін конкурстық іріктеудің басталғанын хабарлайды. Лицей сыныптары пәндерді тереңдетіп оқытуды және академиялық дағдылардың жоғары деңгейін қалыптастыруды көздейді.
Өткізу кестесі:
Іріктеу келесі пәндер бойынша жүргізіледі:
📌Математика (бақылау жұмысы)
13 мамыр2026 ж.
Сағат 14:00
4-сыныптың оқу бағдарламасына сәйкес келетін, күрделілігі жоғары деңгейдегі есептер мен мысалдарды жазбаша шешу.

📌Жаратылыстану (тестілеу)
13 мамыр 2026 ж.
Сағат 14:40
Қоршаған орта туралы білімді, логикалық ойлауды және ғылыми түсінік негіздерін тексеруге арналған тест сұрақтары.

Қатысу шарттары:Қатысу үшін 2026 жылғы 6 мамырға дейін сынып жетекшілеріне өтініш беру қажет.
Емтиханға келгенде өзімен бірге: жазу құралдары (көк сиялы қалам, қарындаш, сызғыш) болуы тиіс.
Өткізілетін орны:
Емтихандар мектеп базасындағы №111, №207 оқу кабинеттерінде өтеді. Қатысушылар басталуына 15 минут қалғанда фойеге жиналуы тиіс.
Қосымша ақпарат:
Конкурстық іріктеу нәтижелері соңғы емтихан өткеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей мектептің ресми сайтында және ақпараттық тақтада жарияланады.
Анықтама телефоны: 87773130632
Мекен-жайы: Кенесары, 222

Просмотров: 34


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст