"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«№21 мектеп-лицейінде» Халық шығармашылығы бойынша қалалық байқау өтті

19.02.2026

Бүгін «№21 мектеп-лицейінде» Халық шығармашылығы бойынша қалалық байқау жоғары деңгейде өтті 🎉

Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, би билеп 💃🕺, әсем әндер орындап 🎤🎶, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір қатысушы сахнада ерекше шеберлік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Байқау жас таланттарды қолдау, ұлттық өнерді дәріптеу және оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту мақсатында ұйымдастырылды 🌟
Кеш өте әсерлі, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл күйде өтті.

Осындай жарқын кештің көркін кіргізген барша оқушыларымызға шын жүректен алғыс білдіреміз! Сахнада батылдық танытып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз 👏

Сонымен қатар, байқауды ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздар қауымына, жетекшілерге және мектеп ұжымына зор алғыс айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бен еңбектеріңіздің арқасында оқушыларымыз жаңа белестерді бағындырып келеді. Бірлесе атқарған жұмысымыз әрдайым нәтижелі болсын! 🌺

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст