"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шекарасыз достық» тақырыбына сынып сағаты

17.02.2026

13 ақпанда №21 мектеп-лицейдің 7 «Ж» сыныбында «ДосболLIKE» іс-шарасы аясында әлеуметтік педагог Талтакаева А.Т. және педагог-психолог Серикбаева А.Б. «Шекарасыз достық» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды достық ұғымымен және достықтың негізгі ережелерімен таныстыру болды.

Сабақ барысында оқушылар «Нағыз дос қандай болуы керек?», «Адалдық, шынайылық және сенім дегеніміз не?» сияқты сұрақтар төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Сабақ соңында оқушылар достық туралы әндерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді еске түсірді. Әр оқушы өзіне: «Мен нағыз дос бола аламын ба?» деген сұрақ қойып, ой түйді.

Просмотров: 10


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст