"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

 

 

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерлік сағаты

15.02.2026

15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауғаныстаннан шығарылған күніне орай мектеп-лицей кітапханашылары Ауған соғысының ардагері Кусаинов Жанатай Кожахметовичты шақырып,10 "А" сынып оқушыларына батылдық сынып сағатын өткізді.Оқушыларға тарихымыздың маңызды әрі күрделі кезеңдерінің бірі туралы тереңірек мағлұмат берді.
Сынып сағаты барысында оқушылар соғыстың себеп-салдары, оның адам өміріне тигізген әсері және ардагерлердің ерлігі туралы білді. Сонымен қатар, интернационалдық борышын өтеген азаматтардың батылдығы мен отансүйгіштігіне құрмет көрсету керектігі айтылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихқа деген құрметін арттыру және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру болды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бейбітшіліктің маңызын терең ұғынды.
Қорыта айтқанда, бұл сынып сағаты оқушыларға тағылымды тәрбие беріп, елін, жерін сүюге, тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.

Просмотров: 19


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст