Ұйымдар тізімі
13.02.2026
Ағымдағы жылдың 13 жұлдызында мектебімізге Мерей балабақшасының тәрбиеленушілері – болашақ 1-сынып оқушылары келді. Біз кішкентай бүлдіршіндерді зор қуанышпен қарсы алып, мектебіміздің тыныс-тіршілігімен таныстырдық.
Алдымен оларды жарық әрі кең оқу кабинеттерімен таныстырдық. Әр сыныптың заманауи жабдықталғанын, оқушыларға қолайлы жағдай жасалғанын көрсеттік. Балалар парталарға отырып көріп, өздерін нағыз мектеп оқушысы сияқты сезінді.
Келесі кезекте кітапханаға бардық. Кітапханадағы түрлі-түсті, қызықты ертегілер мен танымдық кітаптар кішкентайлардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ медбике кабинетін көрсетіп, оқушылардың денсаулығы әрдайым бақылауда болатынын түсіндірдік. Балалар мектепте өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезінетінін білсін дедік.
Хореография залы мен акт залында түрлі мерекелік шаралар, концерттер, байқаулар өтетінін айтып бердік. Асханада оқушыларға дәмді әрі пайдалы тағамдар берілетінін түсіндірдік.
Балалар мектеппен танысу барысында қуаныштарын жасыра алмай, үлкен қызығушылық танытты. Олардың жарқын жүздері мен бал-бұл жанған көздері бізге ерекше әсер сыйлады.
Құрметті болашақ 1-сынып оқушылары! Сіздерді мектебімізде асыға күтеміз!

