Текст
Ұйымдар тізімі
13.02.2026
Ақмола облысында 10-13 ақпан күндері өткен Асық ату және Бес асық чемпионаты өз мәресіне жетті. Екі жас санаты (2010-2012 ж.т. және 2013-2015 ж.т.) бойынша өткен тартысты додада өңіріміздің ең епті жастары бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша кіші топта (2013-2015 ж.т.) Жолаушы Нұрәли (Асық ату) мен Еркебұлан Дилана (Бес асық) қарсылас шақ келтірмей, бірінші орынды иеленді. Ал ересек топта (2010-2012 ж.т.) Бес асық шебері Орынтай Айзере чемпион атанса, Сағындық Кәусар мен Амангелді Аяжан үшінші орынды иеленді.
Бұл дода жасөспірімдер арасында ұлттық ойындарға деген қызығушылықтың жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

