29.12.2025
№3 әдістемелік кеңес 2025 жылғы 29 желтоқсанда өткізілді. Кеңестің күн тәртібінде білім беру үдерісіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Кеңестің бірінші мәселесі бойынша мұғалімдерді аттестациялау тәртібі мен талаптары туралы ҒӘЖ директордың орынбасары Жусупова А.Ж. баяндама жасады. Баяндама барысында педагогтерді аттестациялаудың кезеңдері, қойылатын талаптар және құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Екінші мәселе бойынша математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Рыспамбетов А.А. «Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілдері және математикалық формулаларды қолдану» тақырыбындағы оқу-әдістемелік кешенін таныстырды. Баяндамада ұлттық ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және математикалық дағдыларын дамыту жолдары көрсетілді. Үшінші мәселе бойынша биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Ербатырова А.М. «Қауіпсіз өмір негіздері және алғашқы жәрдем практикумы» тақырыбындағы оқу-әдістемелік кешенге тоқталды. Ол 8-сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік ережелері мен алғашқы көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық жұмыстарды ұсынды. Төртінші мәселе бойынша бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы Ахметова Г.А. «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы оқу-әдістемелік кешенді таныстырды. Баяндамада оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді. Әдістемелік кеңес барысында ұсынылған оқу-әдістемелік кешендер педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, білім беру сапасын арттыруға және заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдануға бағытталды. Әдістемелік кеңес соңында тәжірибесімен бөліскен ұстаздардың жұмыстары талданып, шешім шығарылды.