30.12.2025
30 желтоқсанда мектебімізде І жартыжылдық қорытындысы бойынша №3 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің тақырыбы «Академиялық әлеуеті жоғары білім алушылар: қолдау, тәлімгерлік» болды. Кеңестің күн тәртібінде 2025–2026 оқу жылының ІІ тоқсаны бойынша білім алушылардың оқу үлгерімі мен білім сапасына талдау жасау мәселесі қарастырылды. Бұл мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Тлегенова А.А., Кожабекова Д.Ж., Ордабаева Г.А. баяндама жасап, білім сапасын арттыру бағытындағы негізгі көрсеткіштер мен проблемаларға тоқталды.
Екінші мәселе бойынша «Оқытуды дифференциациялау және дараландыру арқылы бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру» тақырыбында қазақ тілінде оқытатын бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жаманова М.С. және орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі Жусупова А.Г. бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелерімен бөлісті. Үшінші мәселе бойынша ЖММ жетекшісі Айдарова Л.К. «Мектептегі тәлімгерлік жүйесі: менторлық пен тьюторлық бағыттары» тақырыбында баяндама жасап, тәлімгерлік жұмыстың тиімді жолдары мен тәжірибелік қырларын атап өтті.
Педагогикалық кеңес барысында академиялық әлеуеті жоғары білім алушыларды қолдау, дамыту және оларға бағытталған тәлімгерлік жұмыстарды жүйелеу мәселелері кеңінен талқыланып педагогикалық кеңестің шешімі шығарылды. Соңында мектеп директоры Байстенова Шолпан Кайрулловна І жартыжылдық қорытындысы бойынша 5-11 сынып оқушыларының пәндік олимпиада жеңімпаздарының жетекшілерін Грамоталармен, «Алтын тұғыр», «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» қалалық конкурсының жеңімпазадырын бағалы сыйлықтармен марапаттады.