«№21 мектеп-лицейі» КММ негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың (бұдан әрі — дубликат) жоғалған немесе жарамсыз күйге келген жағдайда, сондай-ақ тегі (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) өзгерген тұлғаларға берілетінін хабарлайды.
Дубликат берудің негіздері:
құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының (заңды өкілінің) не кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына жазылған, мән-жайлар көрсетілген өтініші;
білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты (төлқұжаты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);
тегі (аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) өзгерген кезде және (немесе) білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпнұсқасы қоса беріледі.
Негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың дубликатын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар білім беру ұйымына өз бетімен жүгінуі қажет.
Дубликат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей, тегін негізде беріледі.
Құжаттардың дубликаттары дубликат беру туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған үлгідегі бланкілерде рәсімделіп, білім беру ұйымының басшысы және оқу ісі жөніндегі орынбасары қол қояды.
Берілетін құжат бланкісінің оң жақ жоғарғы бұрышына «Түпнұсқаның орнына берілген дубликат № ______» мөртабан басылады.