11.12.2025
2025 жылғы 10 желтоқсанда №13 ЭКОС мектебінің базасында қалалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Біздің оқушыларымыз лайықты марапаттарға ие болып, мектебіміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.
🥇 Балин Василий, 8 «Г» сынып оқушысы — информатика пәні бойынша І орын. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі Көкешова А.Ж.
🥇 Ершов Захар, 7 «Г» сынып оқушысы — Қазақстан тарихы пәні бойынша І орын. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Попович А.А.
Оқушыларымызды жарқын жетістіктері мен лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл табыстар — тынымсыз еңбек, табандылық, білімнің жоғары деңгейі және жетістікке деген ұмтылыстың нәтижесі.
Сіздер өздеріңіздің терең білімдеріңізді, логикалық ойлау қабілеттеріңізді және нағыз мақсаткерліктеріңізді көрсете білдіңіздер.
Осы жетістікке қосқан үлестері үшін педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсеткені, кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз.
Бұл жеңіс алдағы жаңа жетістіктерге, жарқын жаңалықтарға және одан да биік белестерді бағындыруға берік негіз болсын! 🚀