Текст
09.10.2025
Бүгін мектебімізде білім мен зерделілікті дәріптейтін екі маңызды шараның жеңімпаздарын марапаттадық:
5-7 сыныптар арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңі
және бастауыш сыныптарға арналған “Алтын сақа – 2025” зияткерлік сайысы!
Үлкен сынып оқушылары терең білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін көрсетіп, пәндер бойынша үздік шықты. Ал кішкентай білімпаздарымыз тапқырлық пен зейінділік танытып, ерекше белсенділік көрсетті. Бұл – мектеп қабырғасындағы білім мен дамудың айқын дәлелі!
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Алда – жаңа белестер, биік мақсаттар!