Қамқоршылық кеңестерінің жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды. Құрметті ата-аналар, заңды өкілдер! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібіне енгізілген толықтыруларға сәйкес ҚР ағарту Министрінің міндетін атқарушының 01.03.2023 № 56 бұйрығымен, "Көкшетау қаласы білім бөлімінің №21 мектеп-лицейі" КММ Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласына " Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттар ағымдағы жылғы 19-25 қыркүйек аралығында "№21 МЛ" КММ-не мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1)өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар. Кандидаттар кәсіптік (немесе) қоғамдық қызмет туралы қосымша мәліметтерді ұсынады.
Орта білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің құрамына: 1) осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері (сыныптардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) - 11 адамнан аспайды; 2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) - 1 адам; 3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе Құқық қорғау органдарының өкілдері.4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері-1-2 адам; 5) қайырымдылық жасаушылар және / немесе меценаттар (бар болса) - 1-2 адам; 6) Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам; 7) оқушылардың өзін – өзі басқару органдарының өкілдері-1-2 адам.
Ескертпе: Қамқоршылық кеңеске кіру туралы өтініш тиісті білім беру ұйымына беріледі.