Текст
Қыркүйектің 16-сы күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді. Сапар аясында Мемлекет басшысы өңіріміздің үздік шахматшыларымен кездесті.
Бұл маңызды кездесуге мектебіміздің мақтанышы, 7 “А” сынып оқушысы Бүркітбаева Камила да қатысты. Президент жас дарын иелеріне алдағы әлем чемпионатында табыс тілеп, ақ батасын берді.
Алда Камиланы үлкен сын – әлемдік дода күтіп тұр. Біз Камиланың биік белестерді бағындырып, жеңіске жететініне сенеміз.
Сәт сапар, Камила! Жеңісің көп болсын!