26 тамызда мектепте педагогикалық кеңес «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
атты тақырыппен өтті. Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау. Педагогикалық кеңеске білім бөлінің әдіскері Бахитгул Долайқызы қатысты. Отырысты кеңес төрайымы Байстенова Шолпан Кайрулловна ашып, күн тәртібін таныстырды, отырыстың мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Отырыстың негізгі бөлімінде мектеп директоры, директордың орынбасарларының, әлеуметтік педагогтің, мектеп педагогтерінің баяндамалары тыңдалды. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша талқылау ұйымдастырылды, оның барысында педагогикалық кеңес мүшелері ұсыныстар мен ескертулер енгізді.
Педагогикалық кеңесте «Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы» мәселесіне Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде 2025–2026 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жөніндегі әдістемелік-нұсқау хат түсіндірілді, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, жасанды интеллект элементтерін білім беру процесіне енгізу, педагог мәртебесін арттыру және оның құқықтарын қорғау, білім алушылар үшін қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, өткен оқу жылының талдауы негізінде білім беру сапасын және оқу жетістіктерін арттыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жылдық мектептің жұмыс жоспары, оқу жұмыс жоспары, оқу жүктемелері, сабақ кестесі, мектепті дамыту жоспары, педагогикалық кеңес жоспары, мектепішілік бақылау жоспары, әдістемелік кеңес жоспары, әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, педагогтердің біліктілігін перспективалық жоспары және білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарларды талқылап, бекітті.
Баяндамалар аяқталғаннан кейін кеңес төрайымы Байстенова Ш.К. мәселелерді педагогтермен талқылап және шешім шығарылды. Педагогикалық кеңестің соңында былтырғы жылғы жұмыстардың қорытындылары бойынша ӘБ жетекшілері мен сынып жетекшілер» Грамоталар және сыйлықтармен марапатталды.