"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақан сері кеші

19.04.2018

№21 орта мектеп -лицейінде 18.04.18ж. өткен

«Ақан-аты аңызға айналған өнер  иесі» атты әдеби -музыкалық кеш

  Биыл жерлес ақын, жан- жақты дарын иесі Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл

толып отыр.Осыған орай, Елбасының «Рухани жаңғыру »бағдарламасының аясында

жоспарланған іс-шара негізінде № 21 орта мектеп -лицейінде 6-10 сынып

оқушыларының қатысуымен 18.04.18ж. әдеби музыкалық кеш өткізілді.Кеш «Ақан-аты

аңызға айналған өнер  иесі» деп аталды да, Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына арналды. Кешке Ақан сері атындағы мәдениет-ағарту колледжінің  студенттері және  Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледж

студенттері қатысты.Кеш телевизиялық бағдарлама түрінде өткізілді.

10-сынып оқушысы Қайыржан Нұрсұлтан ақын шығармашылығынан слайд арқылы ақпарат берді. Бағдарламаға

қатысып отырған оқушылар өмірбаянынан,шығармашылығынан мәлімет айтып,6-10 сынып

оқушылары өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды .Сонымен бірге, Ғ.Мүсіреповтің  «Ақан сері-Ақтоқты»пьесасынан үзіндіні оқушылар шебер сомдады.    «Қазақфильм» киностудиясы

түсірген «Құлагер»фильмінен үзіндіні  кешке қатысып отырған оқушылар қызыға тамашалады.

Колледж студенттерінің орындауында Ақан серінің,Біржан салдың, Жаяу Мұсаның әндері шырқалды.Ақан сері

шығармашылығының қазіргі заманмен үндесі ретінде жерлес ақын,Ақан дәстүрін жалғастырушы Алмас Темірбайдың «Уақыт қадірі» өлеңін  9-сынып оқушысы Орынтай Сандуғаш нақышына келтіре орындаса, ал аталмыш  сыныптың оқушысы Қабдуллин Бауыржан өзінің Ақан серіге арнауын оқыды.

Кеш соңында мектеп директоры Калиева М.М.оқушыларға өз ризашылығын білдіріп,құттықтау сөз айтты.Кеш

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Айтқожина М.А.,Айдарова

Л.К.,Саттыбаева Б.А.  ұйымдастыруымен

жоғары деңгейде өтті.

 

Просмотров: 278


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст