"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылға арналған №21 мектеп-лицейіне бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы бойынша есеп

06.04.2021

Мектептің қаржы-шаруашылық қызметі жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта (Толық) жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын іске асыруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша жағдайларды жақсартуға, қолайлы және қауіпсіз орта құруға, оқу кабинеттерін абаттандыру мен жабдықтауға, сондай-ақ мектеп ғимаратын тиісті жағдайда ұстауға бағытталған.

    Әлеуметтік қорғалмаған және жалпыға міндетті оқу қорынан аз қамтылған отбасылар қатарындағы білім алушыларға материалдық көмек көрсетуге ыстық тамақ ұйымдастыруға, киім, кеңсе тауарларын, қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне жолдамалар сатып алуға 14013,0 мың теңге бөлінді.

   Мектептің үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін 3005,3 мың теңге сомасына мектеп аумағы мен жабдықтарды жөндеу жұмыстары жоспарланған, сондай-ақ коммуналдық шығыстарға (жарық, су, жылу, байланыс, интернет)-10395,0 мың теңге бөлінді.

     Көркем, ғылыми-танымдық әдебиеттерді сатып алу қарастырылған. Оқушылардың қорытынды жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде мектеп педагогтері кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында барлығы-14032,5 мың теңгеге шаруашылық тауарлары, жуу және дезинфекциялау құралдары сатып алынады.

   Оқушыларды оқыту сапасын арттыру, сабаққа заманауи көзқарас, пәндерді оқытудың инновациялық әдістері мен тәсілдері арқылы негізгі пәндерді оқуға ынталандыру мақсатында жалпы сомасы-55619,0 мың теңге болатын келесі негізгі құралдарды сатып алу жоспарлануда:

* Бастауыш сыныптарға арналған математика кабинеті

* Бастауыш сыныптарға арналған жаратылыстану кабинеті

* Технология кабинеті (қыздарға арналған шеберхана)

* Кабинеттерге арналған сынып-жиынтықтар

* Интерактивті панель-2 дана

* Интерактивті тақта-9 дана

* Компьютерлер, орг.техника

Балалардың модельдеуге және құрастыруға деген қызығушылығын дамыту, техникалық шығармашылықпен таныстыру үшін сатып алынады:

* IT кабинеті

* Робототехника кабинеті

Терезелерді ауыстыруға және мектеп аумағын абаттандыруға ЖСҚ әзірленуде, бұл білім алушылар мен мектеп қызметкерлеріне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды.

 

Просмотров: 217


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст