"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 21 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Школа-лицей №21 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

№21 ОМ "КММ бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп»

15.02.2021

№21 ОМ "КММ бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету туралы есеп»
2020 жылдың 1 қыркүйегіне №21 мектеп-лицейде 1349 оқушы-62 сынып-комплект оқиды, оның ішінде 2 мектепалды сынып, оқу тілі аралас, сабақтар екі ауысымда өткізіледі, мектепте штаттық режимде 53 кезекші топ 1-4 сынып – 624 оқушы, 4 мектепалды топ жұмыс істейді
Мектеп фойесінде мемлекеттік қызметтер бойынша ақпараттық стенд ресімделген, онда қызметтер туралы ақпарат; ұсыну мерзімдері; ұсыну үшін қажетті құжаттар; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту шарттары; мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты әкімшілік қатарындағы адамдардың тізімі көрсетілген. Өтініш үлгілері бар папка бар.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі
ҚР 15.04.2013 ж. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Заңына сәйкес мектеп-лицей 7 қызмет көрсетеді:
1. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін қажет), туу туралы куәліктің көшірмесі;
3. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (№063/е нысаны, № 026/Е-3 нысаны);
4. Баланың 3*4 сантиметр көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5. ЭЦҚ, өтініш берушінің электрондық поштасы.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру EGOV KZ электрондық үкіметінің WEB порталы арқылы жүзеге асырылады, ата-ана өз бетінше өтінішті электрондық портал арқылы бере алады немесе №21 мектеп-лицейіне бара алады, сондай-ақ мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда жауапты мамандар Сізге осы мемлекеттік қызметке өтініш беруге кеңес береді және көмектеседі
Аталған қызметті көрсету мерзімі 1 маусымнан 30 тамызға дейін, құжаттарды қабылдау мерзімі 2021-2022 оқу жылына қосымша мектеп сайтында және мектеп инстаграмында ескертіледі
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде бір жұмыс күні.
2020 жылдың есептік кезеңінде 141 қызмет көрсетілді
2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау»
Өтініш берген кездегі құжаттар
* Еркін нысандағы өтініш
* Үйде оқыту бойынша ұсыныммен дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-2 жұмыс күні
7 қызмет көрсетілді

3. "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»
Бөлінген бюджет қаражаты шегінде тегін тамақтандыруды көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, қамқорлықтағы және патронаттық тәрбиедегі жетім балалар алады. Оқушыларды тегін тамақтандыру жалпыға міндетті оқу қорының қаражаты есебінен белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету үшін құжаттар тізімі:
* Өтініш
* Жеке басын сәйкестендіру үшін ата-ананың жеке басын куәландыратын көшірме қажет
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
* Неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі
Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
- Жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен,мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың жалақысы туралы анықтама)
-Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі.
Қызмет көрсету мерзімі-5 жұмыс күні
187 қызмет көрсетілді
4. "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
Қажетті құжаттар:
Өтініш
* Жеке куәлік көшірмесі
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі .
* Неке қию немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі
* Оқушыға медициналық анықтама
* Отбасының мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі,
Қызмет көрсету мерзімі-15 жұмыс күні
5. "Негізгі, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"»
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері жазылған өтініші;
2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты (паспорты) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты бар туу туралы куәлігінің (2008 жылға дейін туылған жағдайда) көшірмесі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды тапсырған сәттен бастап-15 жұмыс күні;
1 Мемлекеттік қызмет көрсетілді

6. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»
Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
* Осы Стандарттың №1 қосымшасына сәйкес өтініш
* Жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
* Білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесі;
* Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;
* Педагогтің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
* Біліктілік санатын кезекті беру туралы куәліктің көшірмесі;
* Біліктілік санатының қолданылу мерзімінің негізділігін растайтын құжат.
Біліктілік санатының қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі комиссияның отырысы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өткізіледі
Есепті кезеңде 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді
7. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау."
Көрсету мерзімі 30 мин
101 қызмет көрсетілді
Жалпы білім беретін оқу орындары арасында қабылдау үшін құжаттарды қабылдау мынадай құжаттардың негізінде жүргізіледі:
* Білім беру ұйымы басшысының атына өтініш
* Оқушының жеке ісі
* Есептен шығару талоны

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады
32-78-06-қабылдау бөлмесі,
32-78-09-мұғалім

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст