Балалар мен жасөспірімдер арасында өртке қарсы білімді насихаттау, балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында № 21 МЛ-де ТЖ басқармасының қызметкерлері 3-4 сынып оқушыларымен өрт қауіпсіздігі бойынша әңгіме өткізді. Көкшетау қ.ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны А. М. Сафаров және Көкшетау қ. ТЖБ АҚ тобының офицері лейтенант А. К. Сапа танымдық әңгіме өткізді, балаларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері мен өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмін еске салды. Балалар өрт себептері, өрт кезінде өзін қалай ұстау керек, қандай өрт қауіпсіздігі ережелері бар және өрт туындаған кезде қандай нөмір бойынша қоңырау шалу керектігі туралы еске алды. Оқушылар әңгімеге үлкен қызығушылықпен қатысты. Мұндай іс – шаралар балаларға өрттен қорғаудың басты тәсілі-оның себебі болмау екенін тағы бір рет еске салу үшін өткізіледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау денсаулық пен өмірді сақтауға көмектеседі!