
Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар және біздің сайттың қонақтары!
Сіздерді Көкшетау қаласындағы №21 мектеп-лицейінің сайтында қарсы алғаныма қуаныштымын! Мектептегі білім берудің негізгі мақсаты - дамыған экономикалық ойлау қабілеті бар, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде шығармашылық қабілеттері бар, әртүрлі кәсіптерді игеруге бейім, күрделі өмірлік мәселелерді тез шешуге және икемді бағдарланған көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Мұндай адамды тәрбиелеу үшін мектеп, ата-ана және қоғамның жан-жақты әрекеті қажет. Сайтта орналастырылған ақпарат мұғалімдерге өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге, ата-аналарға балаларының мектеп өмірімен, оқушыларға мектептегі жеңістері мен жетістіктері туралы айтуға мүмкіндік береді деп сенемін.
Байстенова Шолпан Кайрулловна
16.03.2026
Наурыз мерекесіне орай оқушыларды марапаттау рәсімі
16 наурызда мектебімізде 22 Наурыз мерекесіне орай 9-11 сынып оқушыларын қалалық, облыстық олимпиада мен конкурс нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті. Мектеп директоры Байстенова Шолпан Кайрулловна оқушыларды жоғары дәрежелі жетістіктерімен құттықтап, мақтау...
12.03.2026
1-сыныпқа қабылдау мәселелері бойынша тікелей эфир
Құрметті ата-аналар!
Сіздерді балаларды 1-сыныпқа қабылдау мәселелері бойынша Instagram желісіндегі тікелей эфирге шақырамыз.
Эфир барысында біз:
* құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы
* қандай құжаттар қажет екені туралы
* өтінішті портал арқылы қалай беру керектігі...
12.03.2026
1 сәуірден бастап қаланың барлық мектептерінде құжаттарды қабылдау және бірінші сыныпқа қабылдау басталады.
❗❗❗
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
📅1 сәуірден бастап қаланың барлық мектептерінде құжаттарды қабылдау және бірінші сыныпқа қабылдау басталады.
✍️Ата-аналарға құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін созылатынына қарамастан, құжаттар...
01.03.2026
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай оқушыларымызбен ерекше челлендж ұйымдастырдық 🤍
Арнайы алғыс рамкасымен суретке түсіп, әрқайсысы жүрекжарды тілектерін білдірді. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық танытып, құрмет пен мейірімді арттыратын күн.
Алғыс айту –...
25.02.2026
Жеңіс мерекесі – тхэквандо турнирінде чемпион!
2026 жылғы 23 ақпанда Астана қаласында ЦСКА спорт клубының тхэквандо бойынша турнирі өтті.
№21 мектептің 9 «Д» сынып оқушысы Ильясов Алихан жоғары дайындық деңгейін көрсетті, кездесулерді сенімді өткізді және 2009–2011 жылдары туған жас санатында I орынды жеңіп,...
23.02.2026
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған сынып сағаты
2 «Г» сыныбында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған сынып сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет алып, оның өлеңдерімен танысты. Сынып сағаты оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып,...
23.02.2026
Анализ романа С. Кобеева «Қалың мал»
20 ақпан №21 Мектеп-лицейінде Ақылды кітаптар клубының ұйымдастыру мен өткен С.Көбеевтың "Қалың мал"романының талдауы өтті.
Ұстаздарды романмен таныстыру,шығарманың негізгі идеясын талқылау,кейіпкерлерге мінездеме берілді.
Шығармада ескі салт-дәстүр,қалың мал...
23.02.2026
Республикалық байқаудағы жарқын жеңіс!
4 «Г» сынып оқушысы Ракиева Айлана республикалық Bi Style байқауында «Вокал, академиялық вокал» номинациясы бойынша І орын иеленді.
Құттықтаймыз! Жарайсың!
Осы жетістігіңмен тоқтамай, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бер! 🎉👏
20.02.2026
Республикалық Хакатонда жеңіс
2026 жылдың 14-15 ақпан аралығында Астана қаласындағы IT University-де мектеп оқушылары арасында өткен Республикалық Хакатонда 9 «А» сынып оқушысы Жарқын Нияз «Digital Business GovTech» категориясы бойынша 2 жүлделі орынға ие болды.
Мұғалімі: Жусупова Анар Жасуланқызы....
20.02.2026
“Табиғатты аяла” облыстық байқауындағы жеңістер
18–20 ақпан аралығында өткен «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық байқауында 7 «А» сынып оқушылары Тлеу Жазира, Ұлан Мөлдір, Орал Рамиля, Беғалы Айғаным «Жасыл сахна» номинациясы бойынша 2-орынды иеленді!...